Есірткіге қатысты қылмыстарды ашуға сеп болған еліміздегі үздік бес иттің біреуі өлді

634

Павлодардағы 5512 әскери бөлімі тағы бір "батырынан" айырылды. Мұнда 10 жылға жуық қызмет еткен Арес деген әскери ит өлді.

Есірткіге қатысты қылмыстарды ашуға сеп болған еліміздегі үздік бес иттің біреуі өлді

Төрт аяқты "әскери қызметші" елдегі үздік патрульдік-іздеу иттерінің бестігіне кірген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Шығыс" Ұлттық гвардиясы өңірлік басқармасының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді Арестің иіс сезу қабілеті мықты болғанын атап өтті.

"Арес қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында қызмет ету барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 100-ден астам құқықбұзушылықтың бетін ашуға көмектескен болатын", – дейді Бағдат Амангелді.

Бірнеше жыл бойы осындай қылмыстық әрекеттердің ізіне түскен қызметтік ит жақында "зейнеткерлікке" шыққан болатын. Яғни ол соңғы уақытта кинологиялық жұмыстарға тартылған жоқ.

Еске сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын Павлодар қаласындағы осы 5512 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша еңбек еткен автокөлік взводының аға сержанты қаза тапқан еді. Ол жүк көлігінің доңғалағын үрлеп жатқанда басына ауыр жарқат алып, қайтыс болды.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу