Маңғыстау облысында есірткіні асқазанына жұтып тасымалдаған кәмелетке толмаған Иран азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
Сот анықтағандай, 2026 жылғы мамырда сотталған азамат "Горган – Ақтау" бағыты бойынша әуе рейсімен Қазақстанға келген. Ол асқазанына жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып, тасымалдаған.
Есірткі заттарын Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері анықтап, тәркілеген.
Облыстық прокуратура мемлекеттік айыптауды қолдады. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура есірткінің заңсыз айналымы үшін 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.