Жамбыл облысында ер адам көлігінің капотына 8,5 келі гашиш жасырып, Алматыға жеткізбек болған

174

Тәркіленген есірткі затының қара нарықтағы құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. 

 Жамбыл облысында ер адам көлігінің капотына 8,5 келі гашиш жасырып, Алматыға жеткізбек болған Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қордай – Алматы" автожолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Chevrolet" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікті Сэм атты қызметтік итінің көмегімен тексеру кезінде "капот" бөлігінен полиэтилен пакетке салынған салмағы 8 жарым келіге жуық гашиш табылды. 

Анықталғандай, 55 жастағы азамат есірткіні Алматы қаласына алып бара жатқан. 

Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде он мыңдаған адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аса ірі көлемдегі есірткі заңсыз айналымға жіберілмей, дер кезінде тоқтатылды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта толық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу