Ескелді ауданында 2016 жылы 77,7 мың тонна қант қызылшасы жиналды

1200

Ескелді ауданында 2016 жылы 77,7 мың тонна қант қызылшасы жиналды

Ескелді ауданында қант қызылшасының түсімі әр гектардан 523,6 центнерді құрап, барлығы 77,7 мың тонна өнім жиналған. Жалпы ауданда тәтті түбір 1484 га жерге себілген болатын. Бұл туралы бүгін Ескелді ауданының әкімі Жұбаныш Ноғайбеков Төленгіт ауылдық округінде өткен халық алдында есеп беру жиында айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Аудан әкімінің сөзіне жүгінсек, өткен жылдың сәуір айында 78 шаруа қожалығы "Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қажетті тұқым сепкіш техниканың 2100 бірлігін алды. 2015 жылы "Қарабұлақ", "Мыңбұлақ", "Шаған" 3 сервистік дайындау орталығы құрылып, 50 дана жаңадан техника бірлігі алынған болса, 2016 жылы Сырымбет ауылдық округінде тағы бір СДО құрылып, оған 10 дана жаңа техника бірлігі алынды.

Жалпы 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24 млрд. 218,3 млн теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –101,0% болды. Оның ішінде мал шаруашылығында – 8 млрд. 239,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 15 млрд. 899,0 млн. теңге өнім алынды.

Сонымен қатар кейінгі жылдары аудан озық технологияларды қолдану нәтижесінде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ылғал сақтау технологиясы бойынша 8940 га, интенсивті технологиямен 5474 га, тамшылатып  суару арқылы 79 га жер игерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғастырылады.

Төленгіт ауылдық округі аумағында өткен аталмыш есеп беру жиынында округ әкімі Қанат Сатанов та баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу