Ескерту жасалды! Қазақстанда күн күрт бұзылуы мүмкін

174

13 шілдеде еліміздің 16 өңірі мен Астанада найзағай мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ескерту жасалды! Қазақстанда күн күрт бұзылуы мүмкін Фото: canva

Қарағанды облысы

Түнде шығысында найзағай күтіледі. Күндіз батысында және солтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Солтүстіктен соғатын жел, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күн қатты ыстық – +40°. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Таңертең және күндіз солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде найзағай мен бұршақ. Күндіз жел 15-20 м/с. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысы

Түнде және күндіз – найзағай, күндіз солтүстігі мен батысында шквал. Күндіз 15-20 м/с жел, қатты ыстық – +35+39°. Жоғары, ал оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі.

Маңғыстау облысы

Күндіз өте қатты ыстық – +38+40°, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Түнде солтүстігі мен орталығында – қатты жаңбыр мен найзағай, күндіз – бұршақ, шквал. Жел – 15-20 м/с. Жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Найзағай, бұршақ, шквал. Жел – 15-20 м/с. Жоғарғы өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысы

Күндіз +35+38° ыстық, жел – 15-18 м/с. Кей өңірлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

+35+38° ыстық, өте жоғары өрт қаупі.

Павлодар облысы

Солтүстігінде найзағай, жел – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Найзағай, күндіз бұршақ. Жел – 15-20 м/с.

Алматы облысы

Күндіз оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Жел – 15-20 м/с. Кей бөліктерінде өте жоғары және жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Найзағай, шквал. Күндіз +35°, кей жерлерде +40°. Жоғары өрт қаупі.

Жамбыл облысы

Таулы аймақтарда найзағай, жел – 15-20 м/с. Өңірдің көп бөлігінде өте жоғары өрт қаупі.

Түркістан облысы

Күндіз +40° ыстық күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу