Ескі көлік тізгіндеген азаматтарға жағымды жаңалық

217

Ескі көлік салығы 50%-ға төмендейді.

Ескі көлік тізгіндеген азаматтарға жағымды жаңалық Фото: inbusiness.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ескі көліктердің салығын азайту нормасы 2026 жылдың қаңтарынан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін Парламент Мәжілісі екінші оқылымда қабылдаған жаңа Салық кодексінде ескі көліктерге салық жүктемесін азайту нормасы сақталған.

"Жаңа норма бойынша автокөлікті пайдалану мерзімі 20 жылдан асса, онда 50 пайыз жеңілдік қарастырылады. Егер автокөлік 10 жылдан бері қолданылып келген көлік болса, 30 пайыз шегерім қарастырылған. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", - деді Е. Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу