Ескі көліктерді қабылдау бекеттері жұмысын бастады

1549

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап, ескірген көлікті қабылдау бағдарламасы қайта жалғасын тапты.

Ескі көліктерді қабылдау бекеттері жұмысын бастады

"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 11 қаңтардан еліміздің 8 аймағындағы қабылдау бекеті жұмысын бастады. Олар: Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларындағы бекеттер. 
Ал 18 қаңтардан бастап, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл және Орал қалаларындағы қабылдау бекеттері жұмысын жалғастырса, 1 ақпаннан Алматы мен Шымкент қаласындағы екінші қабылдау бекеті іске қосылады.

"Көлік тапсыру электронды кезек арқылы жүргізіледі. Бұл жөнінде recycle.kz сайтының "Қалдықтарды басқару", "Ескі көліктерді қабылдау" бөлімдерінде кеңірек мағлұмат берілген. Онда ескі көліктерді жоюға тапсырудың жай-жапсары мен электронды кезектің тәртібі жөнінде таныса аласыздар. 2021 жылы АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты толық жиынтықтағы ескі көлікті тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы көлемі де ұлғайғанын атап өткіміз келеді", – делінген хабарламада.

Тозығы жеткен көлік құралдарын тапсыру жөнінде кеңес алғысы келетін азаматтар мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 707 772 79 62.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу