banner

Ескі көліктерді утилизациялауға көбірек квота бөлінді

1052

Ескі (жеңіл және ауыр жүк техникаларын) көліктерді одан әрі кәдеге жаратуға қабылдау квотасы 5 қаңтардан бастап ұлғайтылады, деп хабарлады ӨКМ операторының баспасөз қызметі.

Ескі көліктерді утилизациялауға көбірек квота бөлінді

"Республиканың Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі одан әрі кәдеге жаратуға 70 мың ескі жеңіл және ауыр жүк техникасын қабылдауға ұлғайтылған квотаны мақұлдады. Техниканы қабылдауға арналған электрондық кезек пен 18 ВЭТС жинау пункті 5 қаңтарда ашылады", – делінген таратылған хабарламада.

ӨКМ деректері бойынша, 2022 жылы пайдалануға жарамсыз көлік құралдары 165 мың 402 теңгеден 606 мың 474 теңгеге дейін қабылданады. 

"Былтыр қаңтар-қараша айларында халықтан 50 мыңнан астам бірлік көлік құралы қабылданды. Оның ішінде 37 мың 495 жеңіл автомобиль, 5 271 автобус және 7 239 жүк көлік құралы. Істен шыққан көлік құралдарының иелеріне 13,833 млрд теңге төленді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу