Ет экспорты жоспардан 25 пайызға артық орындалды – АШМ

1296

21-желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем – 15 мың тонна.

Ет экспорты жоспардан 25 пайызға артық орындалды – АШМ

Етті экспортқа шығару жоспары 25%-ға артық орындалды. Бұл туралы "Ауыл шаруашылығының негізгі салаларындағы бір жылдағы нәтижелер: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы" тапқырыбында  өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі

21-желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем – 15 мың тонна. Сыртқа шығарылған еттің тең жартысы Түркістан облысына тиесілі. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі 5,5 мың тоннаны құраған.

Биылғы жылдың екінші жартсынан шағын және орта шаруашылықтарға негізделген "Етті мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасын іске асыру басталып кетті. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жеңіл несие беруді қарастыратын "Сыбаға" бағдарламасы бастау алды. Жұмыс жылдың екінші жартысында басталғанымен белгіленген межеден артық орындалды. Бүгінгі таңда 700 фермер несие алды.

Шаруашылықтардың ірі қар мал сатып алу бойынша жылдық жоспары 50,0 мың бас. 11 айда 67 мың басқа өтінім қабылданып, 55 мың бас малға берілген өтінім қабылданып, несие берілген. Сондай-ақ "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 170 мың бас қой сатып алынған.

Аналық малды асылдандыру бойынша жоспар 1,0 млн бас. Бүгінгі таңда асылдандыруға 977 мың бас мал (98%) қатысып отыр.

Қазақстанға 14,5 мың бас ірі қара әкелінген. Аз уақыт мал әкелуде кідіріс болды (шілде-желтоқсан), оған себеп импорттаушы елдердің эпизоотиялық жағдайы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу