Ет қымбаттауы мүмкін

453

Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар субсидияны тоқтатпақ

Ет қымбаттауы мүмкін Фото: google.com

Жақын арада ет қымбаттауы мүмкін. Фермерлер бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, бәріне Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешімі себеп. Қазір қарастырылып жатқан өзгертулерге сәйкес, бірқатар субсидия тоқтатылмақ.

Атап айтқанда, асыл тұқымды бұқаны жалға алу мен шетелден әкелінген асыл тұқымды аналық сиырды сатып алуға берілетін мемлекеттік көмек алынып тасталмақ.

Бұған қоса мал бағушыларға арналған вагон-үйшіктерді субсидиялау тоқтатылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу