Эталон маркалы "қара алтын" арзандады

645

Шикізат бағасы қайта түсіп кетті. Бұған әлем қаржы нарықтарының күйреуі әсер етуде. 

Эталон маркалы "қара алтын" арзандады

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 3 пайызға арзандап, баррелі 59,48 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,87 долларға төмендеп, барреліне 55,23 долларды құрады.

Нарықты рецессия болуы мүмкін деген қауіп алаңдатып отыр. Өйткені АҚШ-тың  мемлекеттік облигациялар табысының ауытқымасы инверсия күйіне өтіп кеткен. Сондай-ақ Германия экономикасы өсімінің азаюы және Қытай өнеркәсібі белсенділігінің бәсеңдеуі мұнайға деген сұранысты азайтып жіберуі мүмкін. 

Tortoise фирмасының директоры Роб Туммельдің айтуынша, экономикада құлдырау болуы мүмкін деген күдік шикізат нарығының тұрақталуына кедергі келтіріп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу