Эталон маркалы мұнай бағасы өсті

576

Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,4% көтеріліп, барреліне 63,32 доллар болды. 

Эталон маркалы мұнай бағасы өсті

Қара алтын бағасы Иран британдық мұнай танкерін ұстағаннан кейін көтеріліп келеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Ресми дерекке сүйенсек, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,4% көтеріліп, барреліне 63,32 доллар болды. Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда барысында WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,8% өсіп, барреліне 56,10 долларды құрады. 

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Иран әскерилері Ормуз бұғазында британдық мұнай танкерін ұстаған еді. Осыдан кейін екі ел арасындағы шиеленіс өршіп кетті. Дерек бойынша, ол 2 миллион баррель мұнайды Сирияға заңсыз алып кірмек болған.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант Тегеран танкерді дереу босатуды талап етіп отыр. Ал Иран билігі осы іске қатысты тергеу аяқталмайынша, 23 адамнан құралған экипажды қайтармайтынын алға тартты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу