Эталон маркалы мұнай бағасы төмендеді

404

Brent-тің баррелі 66,58 долларды, WTI маркалы жеңіл мұнай бағасы 59,98 долларды құрады.

Эталон маркалы мұнай бағасы төмендеді

Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,12 пайызға арзандап, барреліне $66,51 долларды құрады. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Ал тамыздық WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,25 пайызға төмендеп, баррелі $60,06 құрап отыр.

Бұған дейін ОПЕК келесі жылы мұнайға сұраныстың өсетінін мәлімдеген болатын.

Сарапшылардың есебі бойынша, Қытай экономикасының баяу өсімі, яғни екінші кварталда  елдің ЖІӨ-нің небәрі 6,2 пайызға көтерілуі қара алтын құнының арзандауына әкеліп соққан. Ресми Бейжіңде мұндай көрсеткіш осыдан 27 жыл бұрын тіркелген, деп хабарлайды Bloomberg.

Экономистер тіпті әлемдік дағдарыс кезінде көркеткіштің 6,4 пайыздан түспегенін мәлімдеді.

"АҚШ-тың Қытайға қарсы жүргізіп жатқан сауда саясаты осылайша Бейжің экономикасына теріс әсерін тигізіп отыр",– дейді бірқатар сарапшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу