Эталон маркалы мұнай бағасы 58,44 долларды құрады

587

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0.2 пайызға арзандап, баррелі 58,44 доллар болды.

Эталон маркалы мұнай бағасы  58,44 долларды құрады

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,2 пайызға төмендеп, барреліне 54,83 долларды құрады.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының шиеленісуі осы айда мұнай бағасының 6 пайызға арзандауына әкеліп соқты. Оның үстіне "Қара алтынның" Таяу Шығыстан тасымалында іркіліс пайда болуы мүмкін деген күдік сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Осы орайда Ресей мұнай нарығының мүддесі үшін ОПЕК елдерімен серіктестікті жалғастыратынын айтты. Мәскеудің айтуынша, сауда текетіресінің өршуі нарыққа айтарлықтай ықпал жасап отыр. 

Айта кететін жайт, нарықты қалыпқа келтіру үшін Сауд Арабиясының билігі келесі айдан бастап Saudi Aramco компаниясы күніне 7 миллион баррель өндіретінін жариялаған еді. Шенеуніктердің айтуынша, бұл бұрынғы сұраныс көлемінен 700 000 баррельге аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу