Эталон маркалы мұнай бағасы күрт арзандады

754

Бұған америкалық мұнай қорының көбеюі себеп. 

Эталон маркалы мұнай бағасы күрт арзандады

АҚШ-тың мұнай институты өткен аптада мұнай қоры 4,7 млн баррельге, ал бензин қоры 5,6 млн баррельге көбейгенін мәлімдеді. Триггерлердің қатарында Қытай мен АҚШ-тың сауда келісіміне келуі бар. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,6% арзандап, 65,72 доллар болды.    

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,8%-ға арзандап, барреліне 60,47  доллар болды.

IHS Markit Ltd. өкілі Вистор Шумның айтуынша, мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. Өйткені келесі жылы Бразилия, Канада, Норвегия және Гайана елдерінің ұсынысы сұраныстан да көп болуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу