Эталон маркалы мұнай бағасы күрт төмендеп кетті

689

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды жеңілдетуі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды. Бұл қадам ОПЕК елдерінің шикізатты экспорттауына кері әсерін тигізбек. 

Эталон маркалы мұнай бағасы күрт төмендеп кетті

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,57 долларға арзандап, баррелі 60,81 доллар болды.

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,65 долларға төмендеп, барреліне 55,75 долларды құрады.

Бірқатар сарапшының пікірінше, шикізат нарығы АҚШ пен Иран қарым-қатынасына тәуелді болмақ. Егер қос тарап мәмілеге келсе, нарықта Иран мұнайының көлемі көбейе түспек. Айта кетейік, Трамп Иран президенті Хасан Роуханимен осы айдың соңында кездесу өткізбек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу