Эталон сұрыпты "қара алтын" арзандап жатыр

719

Азия елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай нарықты алаңдатып отыр. 

Эталон сұрыпты "қара алтын" арзандап жатыр

13 мамырда мұнай бағасы 2,3%-ға құлдырап, 14 мамырда оның құны тағы да арзандады, деп хабарлайды іnbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Қазір Азия елдеріндегі эпидемиологиялық жағдай мен сұранысқа қатысты болжам нарыққа ықпал етіп отыр. Жапонияда тағы үш префектурада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін. Қытайда осы айда алғаш рет індетке шалдығу фактісі тіркелді.

Үндістанда тәулік сайын 300 мыңнан астам науқас анықталуда. IHS Markit вице-президенті Виктор Шумның айтуынша, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасындағы бірқатар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың кесірінен мұнайға деген сұраныс азаюы мүкін.

Ресми дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 0,12%%-ға төмендеп, 66,97 доллар болды. WTI баррелінің құны 0,03%-ға арзандап, қазір 63,80 долларға саудаланып жатыр.

13 мамырда мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы Colonial Pipeline құбырының қайтадан іске қосылуы түрткі болды. Өткен аптада оған хакерлік шабуыл жасалған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу