Эталон сұрыпты мұнай бағасы 57 доллардан асты

784

Бұған әсер еткен фактор – сұраныс артады деген болжам мен ОПЕК+ альянсының өндіріске қатысты қабылдаған соңғы шешімі.

Эталон сұрыпты мұнай бағасы 57 доллардан асты Фото: ria.ru

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 2020 жылдың 24 ақпанынан бері алғаш рет 57 доллардан асты. Яғни ол 0,48%-ға қымбаттап, 57,03 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,66%-ға көтеріліп, қазір оның бір баррелі 53,56 долларға саудаланып жатыр.

Бұған әсер еткен фактор – сұраныс артады деген болжам мен ОПЕК+ альянсының өндіріске қатысты қабылдаған соңғы шешімі. 

Өткен аптада ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы ұйымдастырылған еді. Жиында өндіруші елдер үшін келісімнің шарттарын алдағы екі айда өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан мен Ресей ғана ақпан мен наурыз айларында өндірісті сәл де болса арттырады. Сауд Арабиясы мен бірқатар ел бір күнде өндірілетін мұнай көлемін тағы да қысқартады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу