Эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттап жатыр

423

Құрама Штаттардың энергетика министрлігінің дерегінше, елдегі "қара алтын" қоры 15,19 млн баррельге артқан. 

Эталон сұрыпты мұнай құны қымбаттап жатыр

АҚШ-тағы мұнай қорының өсуіне қарамастан эталон сұрыпты шикізат бағасы өсті. 
Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 0,45%-ға қымбаттап, 49,08 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,53%-ға көтеріліп, қазір оның бір баррелі 45,76 долларға саудаланып жатыр. 

Құрама Штаттардың энергетика министрлігінің дерегінше, елдегі "қара алтын" қоры 15,19 млн баррельге артқан. Дегенмен бұл фактор нарыққа айтарлықтай ықпалын тигізбеді. Сарапшылар мұнай бағасының өсуіне вакцина туралы соңғы мәліметтер әсер етіп отыр деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу