Етті сырттан сатып алып жеуімізге не себеп?

1152

Еттің бағасы 13 пайызға шарықтап шыға келген, деп хабарлайды Atameken Business.    

Етті сырттан сатып алып жеуімізге не себеп?

Ол рас! Бұған көзіміз де таң қалмайды, өзіміз де үйрендік. Қазір бір жапырақ еттің өзі 3-4 мың теңгеге шығып кетеді. Масқара демей немене. Әрине, бұдан кейін етті күнде жеуге көптің қалтасы жұқа. Күнде деуім артық болар, оны айтасыз, айлап майы да аузымызға тимейтін жағдайға да жеткенімізді жасырып қайтеміз. Солай жалғаса берсе, дастарханды мүлде етсіз елестете алмайтын қазақ мал өнім жеуден амалсыз түбегейлі бас тартатын секілді. Қалта көтерсе, қол жетсе, қазақ ет жеуден бас тартсын ба? Бағасының өсуіне жол шығынының көбеюі және жемшөп құнының аспандауы әсер еткенін жоқа шығара алмаймыз. Нарық билеген қазіргі заманда Ресми Мәскеудің тауарды қымбаттап жібермесіне кім кепіл? Етті сырттан сатып алатын халге түсуімізге не себеп?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу