Eurasian Resources Group (ERG) Мақтааралға $5 млн қаражат бөлді

753

Қомақты қаржы тілсіз жаудан зардап шеккен өңірді қалпына келтіруге жұмсалады.  

Eurasian Resources Group (ERG) Мақтааралға $5 млн қаражат бөлді

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде ERG $5 млн қаражат бөліп отыр.

"ERG әлеуметтік жауапты компания ретінде елде төтенше жағдай орын алып жатса, әрдайым көмек беруге ұмтылады. Бұл жолы да Мақтаарал тұрғындарының басына іс түскенде Еуразиялық Топ ұжымы мен басшылығы шет қала алмайды. Біз аймақтың тезірек қалпына келуін және тұрғындарға сын сағатта барынша сабыр тілейміз", – деді Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Eurasian Resources Group Қазақстанның бірқатар облыстарында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде жасалатын Меморандумдар аясында тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Жалпы алғанда 2001-2019 жылдар аралығында Еуразиялық Топ құйған әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 272,5  млрд теңгеден асқан.

Бұдан сәл ертеректе, ERG коронавирус инфекциясының таралыуна тосқауыл қамында республикалық "Біз біргеміз" қорын құруға алғашқылардың бірі болып $10 млн бөлсе, Елордадағы алдын алу шараларына қосымша 100 млн теңге бағыттаған болатын.

Пандемияға қарамастан, Еуразиялық Топ құрамындағы барлық кәсіпорындар қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Өндіріс жоспарлары тиянақты орындалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу