Eurasian Resources Group пен ВТБ Банк әріптестік туралы жаңа меморандумға қол қойды

780

Eurasian Resources Group пен ВТБ Банк  әріптестік туралы жаңа меморандумға қол қойды

Табиғи ресурстарды өндіру және байыту саласындағы әлемдегі ірі жетекші компаниялардың бірі Eurasian Resources Group (ERG) ПХЭФ-2017 алаңында өзінің стратегиялық әріптесі ВТБ банкімен серіктестікті дамытып, әріптестік аясын кеңейте түсу үшін өзара түсіністік туралы меморандумын жасасты.

Қол қойылған меморандум бұған дейін жасалып, күшіне енген ERG-дің негізгі кредиторлары алдындағы негізгі берешегін 2020 жылға дейін қайта құрылымдау шарттарын ұзартуды (белгілі шарттар сақталған жағдайда аталған шартты тағы 3 жылға ұзарту мүмкіндігі) кованентті буманы оңтайландырып, төлем кестесін өзгертуді қамтиды.

ПХЭФ алаңында қол қойылған меморандум шарттарына сәйкес тараптар түрлі бағыттар бойынша әріптестікті одан ары дамытып, соның ішінде ERG-дің түсті металдар бизнесіне саудалық қаржыландыру мәселерін де қарастырмақ.

Eurasian Resources Group менеджерлері Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: "Бүгін біз табысты жүргізілген Топ бизнесін трансформациялау ісінің жемісін көріп отырмыз. Бұған бүкіл команданың жұмыла атқарған жұмысы мен үздік басқару тәжіриберін тиімді пайдалану және бизнесті тұрақты әрі жауапты дамытуға бағытталған стратегиялық бағытымыздың арқасында қол жеткіздік. Біздің пайымдауымызша сенімді серіктесімізге айналған ВТБ банкімен арадағы әріптестікті тереңдете түсу әлемдік тау-кен саласы көшбасшыларының бірі – ERG-дің табысты ілгерілеуіне сеп болады", - деп атап айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу