Еуразия кеңістігінде заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

125

Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. 

Еуразия кеңістігінде заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі экологиялық ахуалға назар аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін тиісті деңгейде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатыр. Осылайша, біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кірісті. Еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысуда. Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және басқа да мүдделі мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен күш-жігер арқылы тұтас Еуразия кеңістігінде баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу