"Еуразия" кинофестивалінің арнайы жүлделері табысталды

551

Бұл рәсім фистивальдің ашылу салтанат  кезінде көрерменге тосынсый ретінде ұсынылды.  

"Еуразия" кинофестивалінің арнайы жүлделері табысталды Фото: «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз қызметі

"Еуразия" кинофестивалінің арнайы жүлдесі "Орталық Азия кинематографының дамуына қосқан үлесі үшін" жүлдесін атақты өзбек режиссері Әли Хамраев алды. Ол осы фестивальде халықаралық байқаудың қазылар алқасын басқарады, деп жазады inbusiness.kz кинофестивальдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан жеріне мереке келді – әлемдік кино өкілдері Сіздердің шаңырақта қонақта. Менің ойымша, қиын кезеңде басқа халықтарды жылы қабылдай алатын адамдар керемет! "Еуразия" фестивалі өмір сүреді – бұл ең бастысы! Біз оны сағындық. Фестивальге  және Қазақстанға сәттілік!", - деді Әли Хамраев.

"Қазақ кинематографына қосқан үлесі үшін" арнайы жүлдесі - мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовке табысталды.

Фестивальдің ашылу салтанаты  қазақстандық кинорежиссер Сәбит Құрманбековтің "Боран" картинасының көрсетілімімен аяқталды.

Айта кету керек, биыл "Еуразия" кинофестиваліне қатысатын төрт картина өз елдерінен "Оскар" сыйлығына ұсынылған. Сонымен қатар, фестиваль аясында бірден төрт әлемдік премьера өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу