Еуразиялық банктің басқарма төрағалығына Павел Логинов тағайындалды

857

Еуразиялық банктің басқарма төрағалығына Павел Логинов тағайындалды

Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болып Павел Логинов тағайындалды. Банкті 2009 жылдан бері басқарып келген Майкл Эгглтон қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты банктің баспасөз қызметі таратты.

Қаржы институтының хабарлауынша П.Логинов банк саласында 20 жылға жуық қызмет істеп келеді. Бұған дейін "Российский кредит", "ОНЭКСИМ Банк", "Росбанк", "Меткомбанк"  және "Новикомбанкте" еңбек еткен.

Еуразиялық банктің жалғыз акционері "Еуразиялық қаржы компаниясы". Оған әрқайсысы  33,33 пайыздан Алиджан Ибрагимов, Александр Машкеевич, Патох Шодиев ие.

ҚР Ұлтттық банкінің қаңтар-қыркүйектегі есебі бойынша ол 34 банктің ішінде актив көлемі жағынан 10 орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу