Еуразиялық даму банкі 2017 жылы 60-70 млн доллар пайда табуды көздейді

793

Еуразиялық даму банкі 2017 жылы 60-70 млн доллар пайда табуды көздейді

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2017 жылы 60-70 млн долларға жуық таза пайда табуды көздеп отыр. Бұл туралы ЕАДБ басқарма төрағасы Дмитрий Панкин мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Дмитрий Панкиннің айтуынша, осы жылдың қаңтар-ақпан айында тапқан табыс көлемі 12,7 млн долларға жеткен

"Айта кетейін, табысты көбейту ЕАДБ-нің қызметіне кірмейді. Алайда біз шығынға батып та отыра алмаймыз. Ең бастысы жоспарланған жобаларды жүзеге асыру. Интеграциялық құрылымы 50 пайыздан кем емес. Банк акционерлері бізге осындай тамсырма қойды", — деп атап өтті қаржы институтының басшысы.

Сонымен қатар Дмитрий Панкин 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЕАДБ 160 млн доллар таза табыс тапқандығын да айта кетті.

"Бұл өте жақсы көрсеткіш. Және бизнес-модельге енгізілген жаңа өзгерістердің оң нәтиже бергенін көрсетеді", — деді ЕАДБ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу