Еуразиялық даму банкі мемлекеттік жеке әріптестік рәсімдерін цифрландыруға 70,6 млн теңге бөледі

Бұл қаражат қайтарымсыз грант ретінде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Еуразиялық даму банкі мемлекеттік жеке әріптестік рәсімдерін цифрландыруға 70,6 млн теңге бөледі Фото: 7kun.kz

Еуразиялық даму банкінің техникалық көмек қоры 70,6 млн теңге қайтарымсыз негізде грант тағайындамақ.  Қаржы ұйымы ұсынған ақша есебінен Қазақстан Республикасында іске асырылатын МЖӘ жобалары бойынша жеке әріптесті анықтау үшін "Электрондық коммерциялық сатып алу" ақпараттық ішкі жүйесі құрылады және енгізіледі.

Ол бір терезе режимінде МЖӘ жобалары бойынша барлық конкурстық процедуралар мен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамаз етеді.  Бұдан басқа, оны Қазақстан Республикасының басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарлануда.

Жобаны іске асыру экономиканың тиімді жеке секторын құру және МЖӘ дамыту бойынша Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық құжаттарына, сондай-ақ ЕАДБ стратегиясына сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу