Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі ең қымбат азық-түлік Қазақстанда

1006

Шарықтаған бағаның анти-рейтингін еліміз 19,7 пайыз өсіммен бастап тұр. Оны өкшелеп Беларусь келеді, деп хабарлайды Atameken Business.   

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі ең қымбат азық-түлік Қазақстанда

Үштікті көршіміз Ресей түйіндейді. Қызмет көрсету саласында да бағалар айтарлықтай аспандаған. Өкінішке қарай бұл рейтингте де Қазақстан алдыңғы үштікте. Біздегі баға экономикалық нарығы 120 млн адамға көп Ресейден небәрі 0,1 пайызға арзанырақ. Азық-түлік емес тауарларға келетін болсақ, олар Беларуссьте 20,7%-ға қымбаттады. Ресейде 16 пайыз.

Ал Қазақстан дүкендерінде былтырмен салыстырғанда 14 пайызға артық төлеу керек. Соңғы айда экономикалық одаққа мүше елдердің біразында баға өсімі тіркелмеген. Әрине олардың тізімінде Қазақстан жоқ. Еліміз керісінше шілдедегі қымбатшылық деңгейімен бәрін артта қалдырып тұр. Экономистер мұндай көңіл көншітпейтін статистика жалғаса береді, дейді. Оған Үкіметтің отандық өндіріске көңіл бөлмеуі себеп екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу