ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

729

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда алдағы турнирге дайындықты бастады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді. 

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - "Қайрат"), Рауан Атантаев ("Нұр-Сұлтан");

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - "Қайрат"), Арнольд Кнауб ("Динамо Самара", Ресей), Лео ("Норильский никель", Ресей), Нұрбек Қарағұлов ("Ақтөбе"), Азат Валиуллин ("Аят"), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - "Атырау");

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу