banner

Еурокомиссия 24 қарашадан кейін ресейлік мұнай бағасының шегін ұсынбақшы

553

Еурокомиссия 24 қарашада Еуроодақтың энергетика министрлерінің кездесуінен кейін Ресей Федерациясынан мұнай бағасын шектеуді ұсынуды жоспарлап отыр.

Еурокомиссия 24 қарашадан кейін ресейлік мұнай бағасының шегін ұсынбақшы Фото: google.com

Бұл туралы Reuters агенттігі энергетика жөніндегі Еуропалық комиссар Кадри Симсонға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз тез әрекет етуге дайынбыз, Министрлер бізге тапсырма берсе, бірден ұсыныс жасаймыз", - деді ол.

Оның пікірінше, бұл шара энергия нарығын тұрақтандыруға көмектеседі, сондай-ақ мұнайдың азаю қаупін жояды.

Басылым бұл тұрғыда ЕО елдерінің пікірі қақ айырылғанын атап өтті. Кейбір мемлекеттер, соның ішінде Еуропадағы ең ірі газ тұтынушысы Германия, бағаның шектелуі халықаралық газ нарықтарында елдерге оны жеткізу барысында қауіпсіздік шарттарын орындау қиынға түсуі мүмкін екенін ескертеді.

Қыркүйек айында "Үлкен жетілік" елдері Ресейден мұнай бағасының шегін енгізуге келісті. Сондай-ақ, G7 ресейлік газды жеткізуге де осындай шектеулер енгізу ниеті туралы мәлімдеді. АҚШ-тың пікірінше, бұл Ресейдің кірісін қысқартуға, сондай-ақ бүкіл әлемдегі энергия бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ресей президенті Владимир Путин бұған жауап ретінде Ресейден басқа елдерге шикізат жеткізуді толығымен тоқтатамыз деп қорқытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу