Еурокомиссия энергетикалық дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі

159

Өзекті мәселе Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қатысуымен өткен Таяу Шығыстағы жағдайға арналған пікірталаста қаралды.  

Еурокомиссия энергетикалық дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі Фото: facebook./israelinsideinfo

Еурокомиссия 22 сәуір күні осы мәселе бойынша ресми коммюнике жариялауды көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропалық комиссия Ормұз бұғазының ықтимал жабылуына байланысты энергетикалық дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл шаралар жоспарын дайындады. Жоспар келесі аптада Кипрде өтетін Еуропалық кеңестің бейресми отырысында мемлекет басшыларына ұсынылады.

Құжаттың негізгі бағыттарының бірі – энергия бағасының қымбаттауынан зардап шегуі мүмкін осал үй шаруашылықтары мен нарық секторларын қорғау.

Сонымен қатар энергия тұтынуын азайту және үнемдеу саясаты да басты назарға алынған.

Урсула фон дер Ляйен пікірінше, пайдаланылмаған энергия – ең арзан энергия, сондықтан тұтынуды қысқарту маңызды.

Оның айтуынша, қазіргі Таяу Шығыстағы жағдай қазба отынға тәуелділікті азайтып, жасыл энергияға көшу қажеттігін айқын көрсетіп отыр.

Сарапшылар мұнай мен газ бағасының күрт өсуі жаһандық нарыққа қысым түсіргенін айтады. Бағаның қымбаттауына АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әрекеттерінен кейінгі геосаяси шиеленіс әсер еткені, Ормұз бұғазының жабылу қаупі жағдайды ушықтырып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) дабыл қағып, үндеу жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу