Еурокомиссия Украинаға 18 миллиард еуро көлемінде экономикалық көмек пакетін ұсынды

499

Көмек несие түрінде беріледі, ал үстемақысын Еуропалық Одақ өз мойнына алады. 

Еурокомиссия Украинаға 18 миллиард еуро көлемінде экономикалық көмек пакетін ұсынды

Еуропалық комиссия Украинаға 2023 жылы беруге жоспарланған 18 миллиард еуро көлеміндегі экономикалық көмек пакетінің құжатын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы жоспарға сәйкес, Одақ Ресей шапқыншылығы жағдайында Украина үкіметін қолдау үшін Киевке ай сайын 35 жылға бір жарым миллиард еуро несие жібереді.

Бұл ретте кредиттер бойынша пайыздарды Еуропалық Одақ жабатын болады.

Пакетті ЕО-ға мүше елдер мақұлдауы керек, олардың кейбіреулері Киевтің өсіп келе жатқан қарызы үшін жауапкершілік алу идеясына күмәнмен қарайды.

Алайда, Еурокомиссия алғашқы төлем қаңтар айында жасалады деп үміттенеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу