Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға үміткер мәртебесін беруді ұсынады

646

Владимир Зеленский 28 ақпанда Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтінішке қол қойған болатын.

Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға үміткер мәртебесін беруді ұсынады

Еуропалық комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz Politico газетіне сілтеме жасап.

13 маусымда өткен жиында комиссия мүшелерінің басым бөлігі Молдавияға осындай мәртебе беруді қолдаған. 

Отырыста бірқатар ел Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін емес, басқа арнайы мәртебе ұсынуы мүмкін екенін айтылды. Бұған дейін Франция осындай ұсыныс жасаған болатын. Қазір ресми Париж ЕО-да төрағалық етеді және пікірталасты өткізу процесінде маңызды рөл атқарады.

Кем дегенде үш ел Украинаға бұл мәртебені беру жағын қолдамай отыр. Одаққа мүше барлық елдер қолдамайынша, шешім қабылданбайды.

Еуропалық комиссия бұл мәселені 17 маусымда қарастырады. Украина президенті Владимир Зеленский 28 ақпанда Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтінішке қол қойған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу