Цифрлық нарықтар туралы заң (DMA) аясындағы салынған алғашқы айыппұлдар – Еуроодақтың интернет саласына қатысты маңызды заңының бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, DMA Apple компаниясына – 500 млн еуро, Meta (Facebook) компаниясына 200 млн еуро айыппұлмен жазалаған.
Цифрлық нарықтар туралы заң (DMA) технологиялық компаниялар арасындағы әділ іскерлік тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Бұл айыппұлдар АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен Еуропа арасындағы интернетті реттеу мәселесіне байланысты жаңа келіспеушілікке ұласуы ықтимал.
Еурокомиссия Apple компаниясына "App Store" дүкенінен тыс қосымшаларды таратуға тыйым салғаны үшін 500 млн еуро айыппұл төлеуге мәжбүрледі. Комиссияның сөзінше, мұндай шектеулер әзірлеушілерге балама арналарды толық пайдалану мүмкіндігін бермейді, тиісінше тұтынушылардың арзанырақ ұсыныстарға қол жеткізуіне де кедергісін келтіреді.
Бұдан былай Apple компаниясына аталған шектеулерді 60 күн уақытта алып тастау міндеттелген. Әйтпесе, қосымша тағы айыппұл салынады. Компания бұл шешімге шағымданатынын мәлім етті.
Ал Meta компаниясы 2023 жылдың қараша айында Еуроодақтағы пайдаланушыларға "келісім немесе төлем" моделін ұсынғаны үшін 200 млн еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл модель бойынша қолданушылар деректерін жарнамалық мақсатта пайдалануға келісім беруі немесе жарнама көрсетілмейтін ақылы қызметті таңдауы керек болды.
Еурокомиссия бұл тәсіл DMA талаптарына сәйкес келмейтінін жеткізді. Олардың сөзінше, пайдаланушылар Facebook пен Instagram-да дербестендірілген жарнама қызметіне ұқсас, бірақ жеке деректері азырақ қолданылатын балама қызметті тегін пайдалануы тиіс.
Еуроодақ өкілдері Meta компаниясының 2024 жылдың қарашасында ұсынған жаңартылған жарнама моделін әлі де қарап, бағалап жатқанын хабарлаған. Аталған айыппұл DMA заңы 2024 жылдың наурызында заңды күшіне енгеннен соң сегіз ай аралығында анықталған сәйкессіздікке байланысты салынды.