Еуроодақ Ауғанстанға жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 млн еуро бөледі

520

Жақында елдің Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында 6,1 балдық жер сілкінісі болды.

Еуроодақ Ауғанстанға жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 млн еуро бөледі

Еуропалық Комиссия Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қаражат зілзаладан зардап шеккендерге бағытталады.

"ЕО қызметкерлері әлі де апаттан келген шығынды анықтап жатыр. 1 мыңнан астам ауғандық қаза тауып, мыңдағаны жарақат алды. Апат аймағында тұратын 270 мың адам шұғыл көмекке мұқтаж. Осы орайда ЕО көмек ретінде 1 миллион еуро бөлуді ұйғарды. Еуроодақ жәрдемдесуге дайын", – деді дағдарыс жөніндегі комиссар Янез Ленарчич. 

Бөлінген қаржы медициналық көмек, сумен жабдықтау, санитарлық-гигиеналық қызметтер, тұрғын үй сияқты қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. 

Еске сала кетсек, жақында Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Bakhtar News Agency

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу