Еуроодақ Беларусияға қарсы санкцияларды кеңейтуді ұсынды

1109

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Беларусь билігі адамдардың өміріне қауіп төндіруді тоқтатуы керек.

Еуроодақ Беларусияға қарсы санкцияларды кеңейтуді ұсынды

Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Польша шекарасындағы жағдайға байланысты ЕО елдерін Беларусияға қарсы санкцияларды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еурокомиссия президентінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Беларусь билігі адамдардың өміріне қауіп төндіруді тоқтатуы керек. "Беларусьтің мигранттарды саяси мақсатпен пайдалануына жол берілмейді. Мен ЕО-ға мүше мемлекеттерді осы гибридті шабуылға жауапты Беларусь билігіне қарсы санкциялар режимін кеңейтуге үндеймін", – деді ол.

Беларусь пен Еуропалық Одақ елдерінің шекарасындағы көші-қон дағдарысы Президент Александр Лукашенко босқындар мен есірткі трафигін бақылауды қысқартамын деп айтқаннан кейін басталды. Бұл мәлімдемені ол Минск пен батыс елдері арасындағы кезекті шиеленіс кезінде жасаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу