Еуроодақ: Қазақстаннан шығарылған активтерді елге қайтаруға көмектесеміз

1944

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесуде айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Еуроодақ: Қазақстаннан шығарылған активтерді елге қайтаруға көмектесеміз

"Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз", – деп атап өтті Т. Хакала. 

Кездесу барысында Антикор басшысы Олжас Бектенов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Атап айтқанда, тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау мәселелері де талқыланды.

Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуға дайындығы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, тиісті шақыру биылғы жылдың 1 шілдесінде келіп түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу