Еуроодақ Кеңесіне төрағалық Румынияға өтті

1828

Сарапшылардың айтуынша, Румыния төрағалығы брексит, жалпыеуропалық сайлау секілді күрделі мәселелермен тұспа-тұс келіп отыр.

Еуроодақ Кеңесіне төрағалық Румынияға өтті

Еуроодақ Кеңесінің төрағалығы Румынияға өтті. Алдағы 6 айда Бухарест одақтың саммитттері мен кездесулерінің күн тәртібін үйлестіретін болады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэ төрағалық ету кезіндегі басты бағыт: Еуропаны жақындастыру, қауіпсіздік, жаһандану және ортақ құндылықтарды дамыту екенін атап өткен. Румын үкіметі басшысының айтуынша, ұйымшылдық Еуроодақтың бәскелестігін арттырады. Ал сарапшылардың айтуынша, Румыния төрағалығы брексит, жалпыеуропалық сайлау секілді күрделі мәселелермен тұспа-тұс келіп отыр.

"Румыния төраға болған тұс Еуроодақ үшін маңызды кезеңге сай келді. Шешімін таппаған мәселе көп, соларға тіке араласуына тура келеді. Біздер Румынияның жақын арады Шенген аймағына кіргенін қалаймыз. Сонда қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндігі артар еді", - дейді  Еурокомиссия президенті Жан-клод Юнкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу