Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді

178

Бұл туралы Еуропалық комиссия мәлімдеді.

Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді Фото: Nicolas Tucat/AFP

Қаражаттың 3,7 млрд еуросы биылғы макроқаржылық көмектің екінші траншы ретінде аударылса, қалған 658 млн еуро Украинаның қорғаныс қажеттіліктеріне бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Украинаға басып кіргелі Еуроодақ пен оған мүше мемлекеттер Киевке жалпы сомасы 235,9 млрд еуро көмек көрсеткен. Оның ішінде Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кіріс есебінен бөлінген 3,8 млрд еуро да бар.

Ал Ukraine Support Loan бағдарламасы аясында Украинаға берілетін несиенің жалпы көлемі 90 млрд еуроға жетті. Бұл қаражат 2026-2027 жылдары елдің қаржылық қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу