Еуропа бас тартқан полиэтилен өндірісі Қазақстанда жандана түскен

1619

Еуропа бас тартқан полиэтилен өндірісі Қазақстанда жандана түскен

Еуропа елдері полиэтилленнен бас тартып жатқанда Қазақстанда бұл кәсіп керісінше жандана түскен, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Елімізде осы өнімді шығаратын 20-дан астам кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 10 мың тоннадан астам полиэтилен пакетін өндіреді. Мұның сыртында шетелден келетіні де бар. Экологияға орасан зиян әкелетін бұған қашан тыйым салынады?

Қазақстандық әр тұрғын жылына орта есеппен 300 пакет қолданады екен. Мамандардың мәліметі бойынша, егер бір қазақстандық бас тартса 24000 тонна көмірқышқыл газының таралуын тоқтатуға болады. 

Дегенмен, қағаз және биополимерден жасалған пакеттер шығаратын кәсіпорындар да бар. Олардың полиэтилен пакеттерін нарықтан ығыстырып шығаруы үшін, мемлекет тарапынан қолдау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу