Еуропа чемпиондары үшін әлем біріншілігі аяқталды

858

Еуропа чемпиондары үшін әлем біріншілігі аяқталды

Футболдан Ресейдегі әлем чемпионатының ширек финалдағы алғашқы жұбы анықталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған дейін Франция бірінші болып 1/4 финалға өткен болатын. Оның қарсыласы Уругвай – Португалия матчының жеңімпазы болушы еді.

Матч есебін 7-минутта Эдинсон Кавани ашқан. Ал екінші таймның басында Пепе бұрыштамадан соң таразы басын теңестіріп кетті.

Бірақ бұл есеп таблода ұзақ сақталған жоқ. Көп ұзамай Кавани қарымта шабуылды голға айналдырып, дубль жасады. Соңғы минутқа дейін Еуропа чемпиондары есепті теңестіруге тырысқанымен, Уругвай қорғанысы сыр берген жоқ. Қорытынды есеп – 2:1, Португалия үшін әлем чемпионаты аяқталды.

Ал Уругвай құрамасы ширек финалда француздармен күш сынасады.

Уругвай – Португалия 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Кавани 7, 1:1 – Пепе 55, 2:1 – Кавани 62

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу