Еуропарламент Еуроодақ елдерінің 2027 жылғы 1 қарашадан бастап Ресейден газынан толық бас тарту туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні өткен 500 депутат аталған заңды қолдап, 120-сы қарсы дауыс берді. Қабылданған құжат Еуроодаққа мүше 27 ел үшін Ресейге қарсы газ эмбаргосын көпшілік дауыспен енгізуге мүмкіндік береді.
"Бұл – тарихи сәт: Еуроодақ Ресей мұнайы мен газынан тәуелсіз жаңа дәуірге қадам жасағалы тұр. Енді Ресей энергия жеткізілімдерін Еуропаға қысым жасау үшін пайдалана алмайды", – деді фин депутаты Вилле Ниинистё.
Соғыс басталмас бұрын Ресей Еуроодақтың көгілдір отынға деген қажеттілігінің 40%-ын қамтып отырды. Кейін Кремль Еуропамен газ соғысын бастады. Бүгінде ЕО-ның энергетикалық балансындағы ресейлік газдың үлесі 13%-ға дейін азайды. Құбыр арқылы тасымалданатын газ Түркия арқылы Мажарстан мен Словакияға жеткізіліп отыр, ал сұйытылған газ ЕО-ның басқа елдерінің порттарына жіберіледі.
Еуроодақ жаңа заң бойынша бірінші кезекте Ресейдің сұйытылған газынан бас тартады. Кейін шектеу құбырлық газға қатысты қолданылады.
Еурокомиссияның бағалауына сәйкес, эмбарго нәтижесінде Кремль жылына шамамен 10 миллиард еуро экспорттық кірістен айырылады. Қазір Еуроодақ ай сайын Мәскеуге энергия ресурстары үшін 1,5 миллиард еуро төлеп отыр. Соғысқа дейін бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болған.