Еуропа Гренландияға әскер жіберуі мүмкін

170

Бұл туралы The Telegraph газеті жазды.  

Еуропа Гренландияға әскер жіберуі мүмкін Фото: un.org

Ұлыбритания Еуропалық одақтастармен Арктиканы қорғау мақсатында Гренландияға әскер орналастыру туралы келіссөздер жүргізуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әскери қолбасшылық арал аумағында НАТО миссиясының жоспарын түзіп жатыр. Гренландияны сарбаздарбен, әскери кемелермен және ұшақтармен қамтамасыз етуі мүмкін.

Еуропа көшбасшылары кәрі құрлық елдері аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, Трамп райынан қайтады деп үміттенеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Гренландияның АҚШ-қа қосылуы тиіс екенін бірнеше рет айтқан. 2025 жылдың мамырында NBC News арнасына берген сұхбатында бұл мәселені шешуде күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Трамптың Гренландияны сатып алу мүмкіндігін өз командасымен бірге белсенді талқылап жатқанын жеткізді.

Ал, Трамп көз тіккен арал тұрғындары АҚШ-тың азаматы болғысы келмейтінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу