Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Заманауи жол бойы инфрақұрылымы мен сапалы жолдар болмаса, Қазақстан жаһандық транзиттік магистраль немесе Еуразиялық көлік-логистикалық хабы мәртебесіне үміткер бола алмайды. Мәселенің маңызы осында. Бұл міндет қалай болғанда да шешілуі тиіс. Егер шекарада шақырымдарға созылған көлік кептелісі туындап, ол өткелдерді тарылтып тастайтын болса, қазірдің өзінде солай болып жатыр, онда Қазақстанның бұл саладағы көшбасшылығы туралы айтудың өзі артықтау", – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, Еуропа мен Азия арасындағы негізгі әуе дәліздері еліміздің аумағы арқылы өтеді.
"Осы артықшылықты іс жүзінде жүзеге асыру үшін жерде дамыған сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Бұл – әлемдік тәжірибе", – деді ол.