Еуропа Украинаға 400 миллион еуро бөледі

519

Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) пен Еуропалық Одақ елдері Украинаға 400 миллион доллардан астам ақша аударады.

Еуропа Украинаға 400 миллион еуро бөледі Фото: Риа Новости

Тиісті хабарламаны Украина премьер-Министрі Денис Шмыгал өзінің Twitter парақшасында жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"ЕИБ мен ЕО-ға мүше мемлекеттер Украинаны қалпына келтіруге 400 миллион еуродан астам қаражат бөледі", - деп жазды ол.

Шмыгалдың айтуынша, бұл "әсіресе маңызды инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру бойынша ең өзекті жобаларды қаржыландыруға көмектеседі".

Барлық Еуропа елдері Украинаға берілетін қаражат көлеміне көңілі толады деп айтуға болмайды, мысалы, Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Еуропалық Одақтың Киевке одан әрі қаржы бөлуі қақтығыстың аяқталуына әкелмейтінін, қаржылық қолдау оны одан ары созатынын, кейін Украинаны қалпына келтіруге одан да көп қаражат жұмсауға тура келетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу