Еуропада 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлеме көтерілді

747

Бұған дейін Англия Банкі мен АҚШ Федералды резервтік жүйесі бағаның өсуін бәсеңдету үшін мөлшерлемені көтерді.

Еуропада 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлеме көтерілді

Еуропалық орталық банк 11 жыл ішінде алғаш рет инфляцияны тежеу үшін үшін пайыздық мөлшерлемені көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Басқарушылар кеңесі ЕОБ-ның үш негізгі пайыздық мөлшерлемесін 50 базистік тармаққа көтерді. Қайта қаржыландыру операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеме және маржиналдық кредит желісі мен депозиттік желі бойынша пайыздық мөлшерлемелер 2022 жылғы 27 шілдеден бастап 0,5%-ға, 0,75%-ға және 0,00%-ға дейін ұлғайтылатын болады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

2014 жылдан бастап Еуропадағы мөлшерлеме "теріс" болды. Бұл Еуроаймақтың экономикалық өсуін ынталандыру үшін жасалған болатын. Соңғы 12 ай ішінде тұтыну тауарларының бағасы рекордтық 8,6%-ға өсті. Бұған дейін Англия Банкі мен АҚШ Федералды резервтік жүйесі де бағаның өсуін бәсеңдету үшін мөлшерлемені көтерді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу