Еуропада мұнай бағасы Қазақстаннан жеткізілімдердің азаюына байланысты көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Агенттіктің дерегінше, бағаның көтерілуіне қазақстандық CPC Blend маркалы мұнай экспортының төмендеуі әсер еткен. Бұған қоса, нарыққа Ливиядан және Солтүстік теңіздегі кейбір кен орындарынан жеткізілімдердің үзілуі қосымша қысым жасады.
Қазақстан мұнайын Қара теңіздегі негізгі порттардың бірі арқылы экспорттау бірнеше себепке байланысты қысқарған: қолайсыз ауа райы, жөндеу жұмыстары және дрон шабуылдарынан инфрақұрылымның зақымдануы.
Осының бәрі мұнай жеткізілімін азайтып, Еуропада мұнай бағасының өсуіне себеп болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу