Алдыңғы күні бұл елдердің энергетикалық жүйесінде ірі ақау болған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты euronews-ке сілтеме жасап.
Соның салдарынан миллиондаған адам электр қуатынсыз қалды. Әсіресе, Испанияда жағдай қиын болды. Пойыз қозғалысы тоқтап, әуежай дұрыс жұмыс істемеді. Ел астанасы Мадридте интернет пен телефон байланысы болмады.
Энергия желісіндегі ақаудан Испанияға 1 миллиард еуродан аса шығын келген. Мадридтегі Баражас халықаралық әуежайы мен Лиссабондағы Хумберто Дельгадо электр қуатынсыз қалғаннан кейін жабылды.
Сонымен қатар, телекоммуникациялар да зардап шекті, екі елдің тұрғындары ұялы байланыс желілеріне қол жеткізе алмады.
Пиреней түбегінде басқа әуежайлар тоқтап қалды, Брюссельден және Еуропаның басқа қалаларынан Испания мен Португалияға рейстер тоқтатылды, жүздеген адамдар тығырыққа тірелді.
Әзірге энергетикалық апаттың нақты себебі әлі жария етілген жоқ.
Кейбір мәлімет бойынша, бұл кибершабуылдың салдары болуы мүмкін.