Еуропада жұмыссыздық деңгейі өсуі мүмкін

759

Өндіріс көлемі пандемияға дейінгі деңгейге жетті.

Еуропада жұмыссыздық деңгейі өсуі мүмкін

Қыркүйек айынан бастап Еуропада жұмыспен қамтылмаған азаматтардың саны пандемия кезінде енгізілген жұмыс орындарын сақтау бағдарламасына байланысты көбейеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

The Economist Intelligence Unit сарапшыларының Франция, Италия, Испания және Британияда жұмыссыздықтың орташа деңгейі 2021 жылы 10,1%-ға дейін өседі деп топшылап отыр. 2020 жылы 9,2% шамасында тіркелді. 

2020 жылы пандемия өршіген кезде Еуропа елдері жұмыс орындарын сақтау үшін қызметкерлерді уақытша демалысқа жіберді. Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбританиядағы мемлекеттік бағдарламалар жұмыс күшінің үштен бірін қамтыды. Шектеулерді алып тастағаннан кейін қызметкерлер өз орындарына оралады деп айтылған еді.

Өндіріс көлемі пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Бірақ көптеген жұмысшылар әлі де демалыста. Сарапшылар бұл қызметкерлердің кейбірі бағдарлама аяқталғаннан кейін жұмыстан шығарылады деген пікірде.

Британия қазірдің өзінде жаппай жұмыссыздыққа тап болды. Дегенмен Біріккен Корольдіктің еңбек нарығында парадокс орнады: жұмыспен қамтылмаған азаматтар санының өсуіне қарамастан бос жұмыс орындарының саны рекордтық деңгейге жетті. Елдегі кадрлардың жетіспеушілігі қалыпты деңгейден 14 есе жоғары, ал жалақы өсіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу