АҚШ әскерлері Еуропада ұзаққа қалады – Байден

554

Америка Құрама Штаттары Еуропада қосымша әскерлердің ұзақ мерзімге қалуын қамтамасыз етеді. 

АҚШ әскерлері Еуропада ұзаққа қалады – Байден Фото: AGENCJA WYBORCZA.PL | Источник: Agencja Wyborcza.pl

Бұл туралы Америка Президенті Джо Байден сәрсенбіде Ақ үйдегі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Олар сонда ұзақ уақыт болады", – деді ол АҚШ-тың қосымша күштері Польшада және НАТО-ның басқа да елдерінде қанша уақыт болатыны туралы сұраққа жауап беріп.

Ресей Президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс республикалары басшыларының көмек сұрауына байланысты Украинада арнайы әскери операция туралы жариялады. Осыдан кейін батыс Ресей Федерациясына қарсы ауқымды санкциялар енгізіп, Киевке құны миллиардтаған доллармен есептелетін қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді арттырды.

Сонымен қатар АҚШ НАТО-ның шығыс қапталын нығайту үшін Еуропаға қосымша күштердің жіберілгенін жариялады. Алайда АҚШ Президенті Джо Байден американдық әскерлерді Украинаға жібермейтінін бірнеше рет атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу